«Жұмысшы мамандық – қоғамның қозғаушы күші»

Биылғы 2025 жыл елімізде Жұмысшы мамандықтар жылы. Бұл қарапайым еңбектің, тынымсыз тіршіліктің иелеріне деген құрметтің, ел дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген жұмысшы жандардың мәртебесін көтерудің жарқын көрінісі. Өйткені кез келген мемлекеттің іргесін қалап, тіршілігін алға сүйрейтін — дәл осы еңбек адамдары. Тәуелсіздік алған жылдардан бері елімізде білім беру, ғылым, технология салаларына баса мән берілсе, енді бұл үрдіс кәсіби-техникалық білім мен жұмысшы мамандықтарының жаңа деңгейге көтерілуіне ұласуда. Мемлекет жұмысшы кадрларды даярлауға ерекше назар аударып, колледждер мен техникалық оқу орындарын жаңғыртуда, жастарға тегін білім беру мүмкіндігі артып келеді. Бұл — болашақта білікті де білімді мамандар қатарын арттырудың нақты қадамы. Адал еңбек еткен адам әрқашан құрметке лайық. Сондықтан да жұмысшы мамандық иелерін дәріптеу, олардың мәртебесін көтеру — барша қоғамның ортақ міндеті.

Ақнұр Байсова, Талдыбұлақ а/о тұрғыны

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *