Жаңаарқада «Бір ауыл – бір өнім» жобасы өтті
✨ Бүгін аудан орталығы – Жаңаарқа кентінде II аудандық «Бір ауыл – бір өнім» жобасы аясында көрме-жәрмеңке ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты – ауыл кәсіпкерлігін дамыту, жергілікті шикізаттан өнім өндіруді қолдау және ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыру.
✨ Аудан бойынша 30-ға жуық кәсіпкер өз өнімдерін – қолөнер бұйымдары мен ауыл шаруашылығы өнімдерін көпшілікке ұсынды. Жоба аясында кәсіпкерлерге арналған семинарлар мен тренингтер өтіп, ауыл шаруашылығындағы жаңа технологиялар таныстырылды.
✨ Мемлекет басшысы жариялаған «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында Е.Жарылғапов атындағы аграрлық колледж өз оқу бағдарламасын таныстырып, жұмысшы мамандықтарды даярлау барысымен бөлісті.
✨ Қатысушылардың белсенділігі мен ұсынылған өнімдердің сапасы жобаның маңызын көрсетіп, оның алдағы уақытта да жалғасын табатынына сенім арттырды. Бұл бастама ауыл кәсіпкерлері үшін үлкен мүмкіндікке айналып отыр.