Таза Қазақстан – ортақ ісіміз
«Таза Қазақстан» – ел аумағында экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған ауқымды бастама. Бұл жобаға мемлекеттік органдармен қатар, мектеп оқушылары, жастар ұйымдары, еріктілер мен ауыл тұрғындары да белсене қатысуда.
Іс-шара барысында көшелер, аулалар, саябақтар, өзен-көл жағалаулары тазартылып, жасыл аймақтарда сенбіліктер өткізіледі. Сонымен қатар, тұрғындарға тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау, қайта өңдеу және қоқыс тастамау мәдениеті жайында түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Табиғат – біздің ортақ үйіміз. Оны таза ұстау – әр азаматтың парызы. Бүгінгі жасаған игі ісіміз ертеңгі ұрпаққа қалатын ең қымбат мұраға айналады.
Нұрәлі Ахмедин, Байдалы би а/о тұрғыны