Мамандық иесі – мемлекеттің тірегі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды — Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялаған болатын. Осы жыл Жұмысшы мамандықтар жылы ретінде жұмысшыларға құрмет көрсетіп, олардың беделін арттыратын, жаңа мүмкіндіктер мен бастамаларға жол ашатын жыл болмақ. Бұл салада еңбек етіп жүрген азаматтар – мемлекет дамуының қозғаушы күші. Сондықтан әрбір еңбек адамының еңбегі бағаланып, жастарды осы мамандықтарға қызықтыру – қоғамның басты міндеті. Ел экономикасының негізін құрайтын жұмысшы мамандықтары тек еңбек нарығы үшін ғана емес, қоғамдағы еңбекқорлық пен табандылық идеясын қалыптастыруда да маңызды рөл атқарады. Адал әрі табанды еңбегімен жетістікке жеткен азаматтарды қолдау және құрметтеу — қоғамымыздың басты құндылықтарының бірі болуы тиіс.
Ақнұр Бұхарова, белсенді жас