Таза Қазақстан – ортақ міндет, ортақ жауапкершілік

Еліміздің әр аймағында экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған “Таза Қазақстан” жобасы қарқынды түрде жүзеге асуда. Бұл бастама халықты табиғатқа жанашырлықпен қарауға, туған жердің тазалығын сақтауға шақырады.

Акция барысында саябақтар мен аулалар тазартылып, көшеттер отырғызылып, тұрмыстық қалдықтар жиналады. Мұндай игі істер тек қоршаған ортаны көркейтіп қана қоймай, қоғамның экологиялық мәдениетін қалыптастырады.

Таза табиғат – ұлт саулығының кепілі. Бүгінгі ісіміз – ертеңгі ұрпаққа қалдырған аманат.

Жаннұр Мусипова, Қызылжар а/о тұрғыны

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *