Жаңаарқада “Бір ауыл- бір өнім” жобасы өтті

✨Аудан орталығы – Жаңаарқа кентінде II аудандық «Бір ауыл – бір өнім» жобасы аясында көрме-жәрмеңке өткен болатын. Шараның басты мақсаты – ауыл кәсіпкерлігін дамыту, жергілікті шикізаттан өнім өндіруді қолдау және ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыру еді.

✨Аудан бойынша 30-ға жуық кәсіпкер өз өнімдерін – қолөнер бұйымдары мен ауыл шаруашылық өнімдерін көпшілікке ұсынған болатын. Жоба аясында кәсіпкерлерге арналған семинарлар мен тренингтер өтіп, ауыл шаруашылығындағы жаңа технологиялар таныстырылды.

✨Мемлекет басшысы жариялаған «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында Қ.Жарылғапов атындағы аграрлық колледж де өз оқу бағдарламасын таныстырып, жұмысшы мамандықтарды даярлау барысымен бөліскен болатын.

✨Қатысушылардың белсенділігі мен ұсынылған өнімдердің сапасы жобаның маңызын айқындап, оның алдағы уақытта да жалғасын табатынына сенім арттырды. Бұл бастама ауыл кәсіпкерлері үшін үлкен мүмкіндікке айналып отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *