Таза табиғат – жарқын болашақ кепілі

Биыл елімізде қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы Жаңаарқа ауданында кең көлемде атқарылып келеді. Аталмыш бастама – айналаны абаттандыру, қоршаған ортаны таза ұстау, халықтың экологиялық жауапкершілігін арттыру мақсатында қолға алынған.

Аудан тұрғындары тазалық жұмыстарына белсенді түрде қатысып, ауыл көшелері, мекемелер маңайы мен қоғамдық орындарда сенбілік жұмыстарын жүргізуде. Жастар мен еріктілер ұйымдары, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпкерлер бірігіп, туған жердің тазалығы үшін нақты іспен атсалысуда.

Аудан әкімдігі бұл игі бастаманы қолдап, тұрақты түрде бақылау жүргізіп келеді. Әсіресе ауылдық округтерде тазалық мәдениетін қалыптастыру, қоқыс тастамау, ағаш отырғызу және жасыл желекке күтім жасау жұмыстары жолға қойылды.

«Таза Қазақстан» – бұл жай ғана акция емес, әр азаматтың жүрегіне табиғатты аялау ұғымын сіңіруге бағытталған маңызды қадам. Таза орта – денсаулық кепілі, ал табиғатты қорғау – келешек ұрпақ алдындағы үлкен жауапкершілік.

Назгуль Башенова, Ералиев а/о тұрғыны

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *