Оқулықтар мобильдік гаджетте қолжетімді болуы тиіс
«Оқушыларды электрондық оқулықтармен қамтамасыз ету қажет. Онда анимациялық, мультимедиалық компоненттер мен тапсырмалар көрініс табуы керек. Бұл оқулықтар кез келген компьютерде немесе мобильдік гаджетте қолжетімді болуы тиіс. Оқу процесі интерактивті, заманауи білім беру технологияларын қолдана отырып құрылуы керек», — деді Әлихан Смайылов.
Премьер-Министр Үкімет отырысында ауылдық мектептерді интерактивті, компьютерлік жабдықтармен қамтамасыз ету қажеттігін баса айтты.