Жаңаарқада “Таза Қазақстан” акциясы аясында тұрақты тазалық жұмыстары жүргізілуде
2025 жылдың басынан бері елімізде бастау алған “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы Жаңаарқа ауданында да қарқынды түрде жүзеге асырылып келеді. Аудан әкімдігі мен жергілікті мекемелердің, қоғамдық ұйымдардың және еріктілердің белсенді қатысуымен күн тәртібінен түспейтін тазалық жұмыстары тұрақты ұйымдастырылып отыр.
Аудан аумағында көктемнен бері бірнеше рет сенбілік ұйымдастырылып, ондаған тонна қоқыс шығарылып, бос жатқан жер телімдері мен аулалар абаттандырылды. Әсіресе, көшелер мен қоғамдық орындардағы тазалыққа ерекше назар аударылып, жаяу жүргіншілер жолдары, саябақтар мен демалыс орындары ретке келтірілді.
Игі бастамаға ауыл тұрғындары да белсенді атсалысуда. Әрбір ауылдық округте арнайы жұмыс топтары құрылып, жергілікті жерлерде тазалық пен тәртіпті сақтау бойынша жүйелі бақылау жүргізілуде. Сонымен қатар, мектеп оқушылары мен жастар ұйымдары экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында түрлі ақпараттық акцияларға қатысып, өз үлестерін қосып келеді.