Жұмысшы мамандығы – болашақтың берік іргетасы
Бүгінде ел дамуының негізі – адал еңбек пен кәсіби шеберлікке тікелей байланысты. Осыған орай, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды – «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Бұл бастама – еңбек адамына деген құрметті арттырып, жұмысшы кәсіптерінің мәртебесін көтеруге және жастарды кәсіптік білімге ынталандыруға бағытталған маңызды қадам.
Қазіргі таңда елімізде техникалық және жұмысшы мамандықтарына деген сұраныс артып келеді. Құрылысшы, дәнекерлеуші, механизатор, электрші, аспаз, тігінші сынды мамандық иелері – өндіріс пен қызмет көрсету саласының негізгі тірегі. Олардың еңбегінсіз заманауи қоғамның дамуын елестету мүмкін емес.
Сонымен қатар, жастардың жұмысшы кәсіптерге деген қызығушылығын арттыру мақсатында мектептерде кәсіптік бағдар беру жұмыстары күшейтілуде. Бұл шаралар қоғамда қол еңбегіне деген оң көзқарасты қалыптастырып, еңбек адамының абыройын арттыруға сеп болады.
Ардақ Досаева, Орынбай а/о тұрғыны