Жұмысшы мамандықтар — ел экономикасының тірегі
2025 жылдың «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялануы – өте орынды әрі маңызды шешім. Бұл қадам елдегі жұмысшы мамандықтарының беделін көтеруге, кадр тапшылығын азайтуға және жастарды осы салаларға тартуға көмектеседі деп ойлаймын. Қазақстанда өндіріс, ауыл шаруашылығы және құрылыс салалары дамып келеді. Егер білікті жұмысшы күші жеткілікті болса, отандық өндіріс күшейіп, шетелдік жұмысшыларға тәуелділік азаяды. 2025 жылдың «Жұмысшы мамандықтар жылы» болып жариялануы – еліміздің болашағы үшін маңызды қадам. Егер мемлекет бұл бағытта нақты шаралар атқарса, жастардың техникалық және жұмысшы мамандықтарына деген көзқарасы өзгереді. Ал бұл өз кезегінде ел экономикасының дамуына үлкен үлес қосады. Жұмысшы мамандықтары – ел экономикасының тірегі. Бұл салада еңбек етіп жүрген азаматтар – мемлекет дамуының қозғаушы күші.
Жакиянова Жулдыз, Бидайық а/о тұрғыны