2025 жыл — жұмысшы мамандықтары жылы
2025 жыл елімізде Жұмысшы мамандықтар жылы ретінде жарияланды. Бұл бастама – техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту, өндірістік сала мамандарын қолдау, сондай-ақ еңбек адамының қоғамдағы мәртебесін арттыруға бағытталған маңызды қадам.
Қоғамның ілгерілеуі мен елдің өркендеуінің негізі – адал еңбек. Құрылысшылар, дәнекерлеушілер, электриктер, механизаторлар, наубайшылар, шахтерлер мен металлургтер сияқты жұмысшы мамандық иелері – еліміздің нақты дамуына үлес қосып отырған азаматтар. Олардың қажырлы еңбегінің арқасында жаңа тұрғын үйлер салынып, өндіріс ошақтары жұмысын жалғастырып, ауыл шаруашылығы өркендеп келеді.
Бүгінде еңбек адамын құрметтеу – қоғам алдындағы маңызды міндет. Әсіресе, жастарды осы мамандықтарға қызықтыру, техникалық бағыттағы кәсіптерді таңдауға ынталандыру – болашақтың берік негізін қалау деген сөз. Жұмысшы мамандығын игерген әрбір азамат – ел дамуының тірегі.
Нургуль Туганбаева, Сейфуллин а/о тұрғыны