«Балауса» бөбекжайында «Көңілді жаз» атты жазғы мерекелік шара өтті

2025 жылғы 24 шілде күні аудан орталығындағы «Балауса» бөбекжайында бүлдіршіндерге арналған «Көңілді жаз» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Аталған шара балалардың жазғы демалысын мазмұнды өткізу, шығармашылық қабілеттерін дамыту және жағымды эмоциялар сыйлау мақсатында өткізілді. Мерекеге аудан әкімінің орынбасары Әсет Аманжолов арнайы қатысып, кішкентай тәрбиеленушілерге жылы лебізін білдірді.

Іс-шара барысында бөбекжай балалары ертегі кейіпкерлерінің бейнесіне енді, көңілді флешмоб билеп, асфальтқа түрлі-түсті суреттер салды. Балалардың белсенді қатысуы мен шаттыққа толы жүздері мерекелік көңіл күйдің жоғары деңгейде өткенін аңғартты.

Бұл күн балдырғандардың есінде жарқын әсерлерімен сақталып, жазғы демалыстарына қуаныш пен шабыт сыйлады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *