Жаңаарқадағы теміржол вокзалы жаңғыртылуда

Жаңаарқадағы теміржол вокзалы жаңғыртылуда

Ұлытау облысында ауданның инфрақұрылымын дамытуға бағытталған ауқымды жобалардың бірі – Жаңаарқа ауданындағы теміржол вокзалдарын жаңарту жұмыстары басталды. 

Атап айтқанда, облыс аумағында орналасқан төрт теміржол вокзалы күрделі жөндеуден өтеді. Олардың қатарында аудан орталығындағы және Қызылжар кентіндегі вокзалдар да бар.

Жоба аясында:

 • Вокзалдардың сыртқы келбеті жаңартылады;

 • Ішкі кеңістіктері заманауи талаптарға сай қайта жасақталады;

 • Қосымша нысандар салынып, жолаушылар үшін жаңа перрондар мен жабық галереялар орнатылады.

Бұл бастама аймақтың көлік инфрақұрылымын жетілдіріп қана қоймай, жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығын арттыруға бағытталған. Сонымен қатар, жобаның жүзеге асуы ауданның экономикалық әрі әлеуметтік дамуына серпін беретіні сөзсіз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *