ЖАҢААРҚАДА ЖАС КӘСІПКЕР ЖАҢА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫН АШТЫ

Бүгін Жаңаарқа кентінде жас кәсіпкер Жанар Аширова автокөлік майын ауыстыруға арналған жаңа техникалық қызмет көрсету орталығын ашты. Бұл жоба Жаңаарқа ауданы әкімінің жастарға арналған 2025 жылғы гранты аясында жүзеге асырылған.

Салтанатты ашылу рәсіміне аудан әкімі Қанат Қожықаев қатысып, кәсіпкерді жаңа бастамасымен құттықтады.

– Мемлекет басшысы биылғы жылды жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады. Бұл – нақты еңбекпен айналысатын, кәсіпке бет бұрған жастарды қолдаудың айқын көрінісі. Аудан бойынша 41 жас гранттық конкурсқа қатысып, 20 кәсіпкер жеңімпаз атанды. Солардың бірі – Жанар Қасымбайқызы. Бұл нысан – оның еңбегі мен табандылығының нәтижесі, – деді аудан басшысы.

Жаңа техникалық қызмет көрсету орталығы кент тұрғындарына сапалы және қолжетімді қызмет көрсетуге бағытталған. Кәсіпкер алдағы уақытта қызмет аясын кеңейтіп, қосымша жұмыс орындарын ашуды жоспарлап отыр.

Ашылу рәсіміне қатысқан тұрғындар мен қонақтар жылы лебіздерін білдіріп, жас кәсіпкерге сәттілік тіледі. Бұл бастама – Жаңаарқа жастарының кәсіпке деген ынтасын арттырып, еңбекке бейімделуіне ықпал ететін игі қадамның бірі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *