Жұмысшы — мерейлі мамандық
Жұмысшы мамандықтары – ел экономикасының негізін қалайтын маңызды саланың бірі. Құрылысшылар, дәнекерлеушілер, электриктер, механизаторлар, технологтар, операторлар секілді техникалық сала мамандары қоғамның ілгерілеуіне өлшеусіз үлес қосуда. Индустрия мен өндіріс салаларындағы ілгерілеу, инфрақұрылымдық жобалардың табысты жүзеге асуы – осы мамандардың табанды еңбегінің нәтижесі. Бүгінде мемлекет жастарды жұмысшы мамандықтарға ынталандыру мақсатында бірқатар жүйелі шаралар атқаруда. Атап айтқанда, колледждерге бөлінетін гранттар саны арттырылып, дуалды оқыту жүйесі кеңейіп келеді. Сонымен қатар, жаңа кәсіптерді меңгеруге қолайлы жағдай жасалып, заманауи техникалық білім беруге ерекше көңіл бөлінуде. 2025 жыл – жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтеріп, еңбек адамының қоғамдағы орнын нығайтуға зор мүмкіндік беретін ерекше кезең болмақ.
Сәнім Жамбек белсенді жас