Тағылымы мол апталық
Жуырда Талдыбұлақ ЖББ мектебінде қазақ тілі мен әдебиетінің мол мұрасымен кеңінен таныстыру, пәннің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, тілдің мемлекеттік мәртебесін қалыптастыру, қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге үлес қосу мақсатында «Тіл білімі – сөз әлемінің құпиясы» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәндері апталығы болып өтті.
Апталықтың ашылу салтанатында жоспармен таныстырған бірлестік жетекшісі Нұрлыгүл Тоқбергенова «Кім жылдам?» сергіту ойынын ұйымдастырды. Бұл сайысқа Алтынай, Ақзер, Шахназ, Айбар, Зарина, Адина, Ділназ белсене қатысты.
Апталықтың екінші күні С.Мұратбеков «Жусан исі» әңгімесіндегі типтік бейнелер» тақырыбында Өрік Садықова ашық сабақ өткізсе, 9- 10 сынып оқушыларымен Нұрлыгүл Қазкенқызы «Тіл білгірі» сайысын өткізді. 6 кезеңнен тұрған сайыста өздерінің жылдамдықтары мен білімдерін ұштастыра білген «Тапқырлар» тобы /9- сынып/ жеңімпаз деп танылды.
Апталықтың үшінші күні өткен «Әдебиет қоржыны» айтулы даталарға орай шығармашылық жұмыстар:
1. С. Торайғыров 130 жаста /буклет-бүктеме/
2. Қазақтың төбе биі Төле би атамызға – 360 жыл /сахналық қойылым/
3. С.Көбеев 145 жаста /қабырға газеті/
4. О.Бөкей – 100 жаста /буклет-бүктеме/
5. М.Жұмабаев – 130 жаста/шығармаларынан көркемсөз жатқа мәнерлеп оқу/
6. О.Бөкей мен Т.Ахтановқа – 100 жыл /буккросинг/
7. «Қазақ» газетіне – 110, «Жас қазақ» газетіне – 100 жыл /қабырға газеті/ әр сыныпқа жекелей бөлініп сараланды.
Апталықтың төртінші күні «Дала ділмарлары» (Қазыбек бидің туғанына 355 жыл) сахналық қойылымдар (жауапты Садықова Ө.Ғ.) сынға 5-8 сынып оқушылары өз шеберліктерін ортаға салды.
Бұл сайыс қорытындысында 7- сынып оқушылары өздерінің сахналық қойылым барысынан үздік екендіктерін танытып жүлдегер атанды.
Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа» повесінен үзінді. Лагерге жолдама 5 -сыныпта Н.Қ. Тоқбергенова ашық сабақ өткізді.
2- 11 сыныптар аралығында «Жазғанда қате жібермеу – ішкі мәдениеттің айнасы» көркем жазу диктант байқауы ұйымдастырылып, қорытындысында І орынды Ұлпан Фазыл, ІІ орынды Ернұр Ғалым, ІІІ орынды Ақдана Дәрібай иеленді.
Апталықтың қорытынды кеші М.Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Жырлайды жүрек» жыр мүшәйрасымен жалғасын тапты. Мүшәйраға Талдыбұлақ ЖББ мектебі директорының міндетін атқарушы Гүлзат Ендаманова қазылық етіп, нәтижесінде Арыстанбек Фазыл, Ернұр Ғалым, Нұрғиса Жомарт, Зере Әбдіғаппар және Ақдана Дәрібай топ жарды.
Апталық соңында апталыққа белсене қатысқан оқушылар марапатталып, арнайы естелік сыйлықтармен марапатталды.
Нұрлыгүл Қазкенқызы Тоқбергенова,
Талдыбұлақ ЖББ мектебі, қоғамдық-гуманитарлық пәндер бірлестігінің жетекшісі.