Еңбек даңқы – елдің абыройы
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында алдағы даму кезеңіне байланысты ел алдына көптеген жаңа міндет қойған болатын. Жұмысшы мамандықтар – экономиканың тұрақтылығы мен қоғамның дамуының негізгі тірегі. Қарапайым мысал ретінде құрылыс саласын алсақ, егер білікті дәнекерлеушілер, электриктер, сылақшылар болмаса, зәулім ғимараттар мен тұрғын үйлер салынбас еді. Сол сияқты, ауыл шаруашылығында механизаторлар мен агрономдарсыз, өндірісте технологтар мен токарьларсыз, көлік саласында жүргізушілер мен механиктерсіз ілгерілеу мүмкін емес. Бүгінгі таңда елімізде техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі күшейтіліп, жұмысшы мамандықтарды дәріптеу шаралары кеңінен жүргізілуде. Мемлекет жұмысшы мамандықтарды таңдаған жастарға көптеген мүмкіндіктер ұсынуда: тегін білім алу, стипендиялар, өндірістік тәжірибе және кейін тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндігі. 2025 жыл Жұмысшы мамандықтар жылы ретінде жұмысшыларға құрмет көрсетіп, олардың беделін арттыратын, жаңа мүмкіндіктер мен бастамаларға жол ашатын жыл болмақ.
Ардақ Досаева, Орынбай а/о тұрғыны