Жеке кәсіптің жарқын үлгісі – Тағаев Сұңғаттың жаңа жобалары іске қосылды

Жеке кәсіптің жарқын үлгісі – Тағаев Сұңғаттың жаңа жобалары іске қосылды
Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданында шағын және орта бизнесті дамыту бағытында тың жобалар жүзеге асуда. Осы орайда, жас кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, жаңа жұмыс орындары мен әлеуметтік маңызы бар нысандар ашылып жатыр.
Осындай бастамашыл жастардың бірі – Жаңаарқа ауданының тұрғыны, аудан әкімінің грантының иегері Тағаев Сұңғат Жаңабекұлы. Ол 1 000 000 теңге көлеміндегі мемлекеттік грантқа қоса, 2 500 000 теңге көлемінде өз қаражатын салып, екі ірі жобаны сәтті іске асырды.
«Өзіне-өзі қызмет көрсету» техникалық орталығы
Кәсіпкердің алғашқы жобасы – заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған «өзіне-өзі қызмет көрсету» автотехникалық орталығы. Бұл орталықта көлік иелері өз автокөліктеріне техникалық қызметті өз қолымен көрсете алады. Жоба уақыт пен қаржыны үнемдеуге бағытталған және тұрғындардың тұрмыстық қажеттіліктерін жеңілдетуге үлес қосуда.
♨️ «Ем Бу Су» моншасы
Екінші жоба – аудан халқына арналған жаңа форматтағы монша кешені. «Ем Бу Су» атауын иеленген бұл нысан заманауи талаптарға сай жабдықталған және арнайы демалыс аймағымен қамтылған. Тұрғындар үшін сапалы және қолжетімді қызмет ұсынатын бұл кешен – аудан инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған маңызды бастама.
Тағаев Сұңғаттың бастамалары – мемлекет қолдауын тиімді пайдалана отырып, жергілікті қоғам игілігіне қызмет етудің айқын көрінісі. Жаңаарқалық жас кәсіпкердің бұл табысты қадамдары өз ісін бастағысы келетін жастарға үлгі болары сөзсіз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *