Жұмысшы мамандыктар жылы

Бүгінде еліміздің тұрақты дамуы мен өркендеуі ең алдымен адал еңбек пен кәсіби шеберлікке тікелей байланысты. Осыған орай, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды – «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Бұл бастама – еңбек адамына құрмет көрсетіп, жұмысшы кәсіптерінің қоғамдағы беделін арттыруға, сондай-ақ жастарды кәсіптік білімге ынталандыруға бағытталған маңызды қадам.

Қазіргі таңда елімізде техникалық және жұмысшы мамандықтарына деген сұраныс жылдан жылға артып келеді. Құрылысшы, дәнекерлеуші, механизатор, электрші, аспаз, тігінші сынды мамандықтар – өндіріс пен қызмет көрсету саласының басты тірегі. Осындай мамандарсыз қазіргі заманғы қоғамның дамуын елестету мүмкін емес.

Сонымен қатар, жастар арасында жұмысшы кәсіптерге деген қызығушылықты арттыру мақсатында мектептерде кәсіптік бағдар беру жұмыстары кеңейтілуде. Бұл өз кезегінде еңбек адамына деген құрметті нығайтып, қоғамда қол еңбегіне деген оң көзқарас қалыптастыруға ықпал етеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *