Ел экономикасының қозғаушы күші – жұмысшы мамандар
2025 жыл – Қазақстанда Жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланды. Бұл – қарапайым еңбек адамын бағалау, жұмысшы кәсібінің абыройын арттыру, ел экономикасын дамытып отырған мамандарға құрмет көрсету жолындағы маңызды қадам. Жол салатын – құрылысшы, жарық беретін – электрик, нан пісіретін – наубайшы, көлік жүргізетін – жүргізуші. Олар – көзге көріне бермесе де, қоғамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз етіп отырған нағыз еңбек батырлары. Бүгінгі күні елімізде техникалық және кәсіби білім беруге, дуальды оқыту жүйесін дамытуға, жұмысшы кадрларды қолдауға ерекше көңіл бөлініп отыр. Өйткені Қазақстанның болашағы – білімді, тәжірибелі әрі білікті мамандардың қолында. Өз ісінің шебері болған әрбір жұмысшы – сұранысқа ие, табысты әрі қадірлі тұлға бола алады.
Мархаба Атембекова, кітапханашы