Жұмысшы мамандықтар – тұрақты ертеңнің кепілі

Ел экономикасын алға сүйреп отырған негізгі күш – жұмысшы мамандық иелері. 2025 жыл елімізде Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялануы – қарапайым еңбек иелеріне деген құрметтің артып келе жатқанын айқын көрсетеді. Бұл бастама – қоғамда жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтеруге, жастарды техникалық және кәсіптік білім алуға ынталандыруға бағытталған маңызды әрі тарихи қадам. Олар – елдің өндірістік қуатын арттырып, тұрмыс-тіршіліктің тұрақтылығын қамтамасыз ететін еңбек майталмандары. Цифрландыру мен технологиялық жаңғыру дәуірінде де жұмысшы мамандықтардың маңыздылығы жойылған жоқ. Керісінше, олар жаңа құрал-жабдықтармен жұмыс істеуге бейімделіп, заманауи кәсіптің иесіне айналуда. Демек, бұл салада да өсу, даму, мансап жасауға толық мүмкіндік бар. Жұмысшы мамандықтар – ел тірегі, тұрақты өмірдің негізі. Қарапайым еңбек арқылы елге пайда келтіру – әр азаматтың борышы әрі мақтанышы. Сондықтан жас ұрпақты жұмысшы мамандықтарға баулу – болашаққа салынған берік көпір.

Нургуль Туганбаева, Сейфуллин а/о тұрғыны

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *