Мамандық таңдау – елге қосқан үлес

Әр адамның өміріндегі ең жауапты әрі маңызды кезеңдердің бірі – мамандық таңдау. Бұл – болашақ өмір бағыты мен табыс көзін айқындайтын ғана емес, елдің дамуына қосылатын үлестің де бастауы. Себебі әрбір маман – мемлекеттің іргесін берік ұстап тұрған тұлға. 2025 жылдың «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялануы – осыған айқын дәлел. Бұл бастама – еңбек адамын ұлықтап, жұмысшы мамандықтарының қоғамдағы рөлін арттыруға бағытталған маңызды қадам. Мемлекет жұмысшы кәсібін игерген жастардың еңбек нарығында сұранысқа ие болуын және олардың әлеуметтік мәртебесін көтеруді көздеп отыр. Себебі елдің экономикасы мен күнделікті өмірі – осы қарапайым, бірақ өте қажетті мамандық иелерінің маңдай теріне тікелей байланысты. Электрик, құрылысшы, слесарь, тігінші, дәнекерлеуші, аспаз, жүргізуші, механик сынды жұмысшы мамандықтары – еліміздің өндірістік қуатын арттырып, инфрақұрылымын дамытып отырған еңбек ерлері. Мамандық таңдағанда әр жас азамат ең алдымен өзінің қабілеті мен қызығушылығын ескеріп, сонымен қатар елге қандай пайда әкеле алатынын да ойлауы тиіс. Әр адам өз ісінің шебері бола отырып, ел болашағына нақты үлес қоса алады. Мемлекет тарапынан техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға басымдық берілуде. Колледждер заманауи техникамен жабдықталып, дуалды оқыту жүйесі енгізілді.

Мархаба Атембекова, кітапханашы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *