Еңбек адамы – елдің ерен күші
Аспанға асқақ ғимараттар көтеріліп, жолдар салынып, зауыттар жұмыс істеп тұрса – бұл, ең алдымен, қарапайым еңбек адамдарынан. Бүгінгі таңда елімізде жұмысшы кадрларға деген сұраныс артып келеді. Бұл – заман талабы. Себебі технологиялық өндіріс, инфрақұрылым, қызмет көрсету секторы – бәрі де кәсіби жұмысшы мамандардың еңбегіне тәуелді. Осыған орай, мемлекет те кәсіптік-техникалық білім беру жүйесін жаңғыртып, жастарды жұмысшы мамандыққа баулуға ерекше мән беріп отыр.
2025 жылдың “Жұмысшы мамандықтар жылы” деп жариялануы – сол еңбек адамының беделін көтеру, кәсіби мамандарды дайындауға басымдық беру, жастарды адал кәсіпке баулу мақсатындағы маңызды қадам. Бұл бастама аясында елімізде техникалық және кәсіптік білім беру мекемелеріне қолдау көрсетілуде, оқу орындары мен өндіріс арасындағы байланыс нығаюда.
Жастар арасында жұмысшы мамандықтарға деген қызығушылықты арттыру – болашаққа салынған берік іргетас. Өйткені кез келген елдің өндірісі, өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы – бәрі де кәсіби шебер, білімді жұмысшы мамандарға тәуелді.
Нургуль Туганбаева, Сейфуллин а/о тұрғыны