Жұмысшы мамандықтар жылы – жастарға бағыт, елге пайда

2025 жыл – елімізде «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланды. Бұл бастама – еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтарды дәріптеудің, жастарды нақты кәсіпке баулудың, отандық өндірісті қолдаудың жарқын көрінісі. Ел Президенті бұл шешімді қабылдау арқылы қоғамдағы маңызды мәселелердің біріне назар аударды – жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтеру және жастарды еңбекке баулу. Жұмысшы мамандығын игерген жас – еңбек нарығында әрқашан сұранысқа ие. Қазір елімізде өндірістік кәсіпорындар, құрылыс саласы, ауыл шаруашылығы, энергетика, көлік, IT-техникалар бойынша мамандар жетіспейді. Осы олқылықты толтыру – жастардың қолында. Бүгін дәнекерлеуші, тракторшы, аспаз, сантехник сынды кәсіп иелері елге пайда әкеліп отыр. Электрик, құрылысшы, ауыл шаруашылығы мамандары – барлығы да ел экономикасының іргетасын құрайды. Елімізде де жұмысшы мамандықтарына деген құрмет артып келеді. Жастар осы бағытты таңдап, кәсіп игерсе – ел экономикасы нығаяды, отбасылар тұрақты табысқа ие болады, қоғамда еңбек мәдениеті дамиды. Жұмысшы мамандық – ертеңгі күннің кепілі. Сондықтан бұл жыл – жастарға бағыт, елге пайда!

Ардақ Досаева, Орынбай а/о тұрғыны

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *