Жұмысшы — мерейлі мамандық

Мемлекет басшысының бастамасымен 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланды. Бұл шешім – еліміздегі еңбек адамдарының мәртебесін арттыру, жұмысшы мамандықтарының беделін көтеру, жастарды кәсіптік-техникалық білім алуға ынталандыру мақсатында қолға алынған маңызды қадам. Дәнекерлеуші, құрылысшы, токарь, аспаз, механик, жүргізуші, электрик – міне, осындай кәсіп иелері күнделікті тұрмысымызды қамтамасыз етіп отырған шынайы еңбек адамдары. Жұмысшы мамандықтар жылы – осы қарапайым, бірақ қоғам үшін аса маңызды мамандық иелерін дәріптеу жылы. Бұл бастама арқылы елге адал қызмет етіп жүрген жұмысшылардың еңбегі еленіп, олардың әлеуметтік жағдайы жақсарып, кәсіптік білім беру жүйесі жаңғыртылады. Мемлекет тарапынан техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерін жаңғырту, заманауи құрал-жабдықтармен жабдықтау, дуальді оқыту жүйесін дамыту жұмыстары кең көлемде жүргізілуде. Елдің іргесі – адал еңбекпен қаланады. Сондықтан әрбір жас мамандық таңдағанда қоғамға шынайы пайда әкелетін, еңбекпен елін көтеретін жолды таңдаса – бұл ел дамуының басты кепілі болмақ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *