БАС ЖҮЛДЕ – ЖАҢААРҚАДА!

23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні қарсаңында Ұлытау облысында дәстүрлі «Ел жанашырлары» атты спартакиада өтті. Бұл ауқымды спорттық шараға Ұлытау облысы, Жезқазған, Сәтбаев, Қаражал қалалары мен Жаңаарқа және Ұлытау аудандарының әкімдік командалары қатысты.

12–16 мамыр күндері аралығында ұйымдастырылған жарыс бағдарламасына волейбол, баскетбол, шағын футбол, қазақ күресі, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, шахмат, жүзу және арқан тартыс сынды бірнеше спорт түрі енгізілді. Әрбір қатысушы жоғары дайындық пен шынайы жанкештілік танытты.

Жалпы командалық есеп нәтижесі бойынша:

І орын — Жаңаарқа ауданының әкімдігі,
ІІ орын — Жезқазған қаласының әкімдігі,
ІІІ орын — Қаражал қаласы әкімдігі иеленді.

Бұл — Жаңаарқа ауданының мемлекеттік қызметшілерінің бірлігі мен жанкешті еңбегінің жарқын жемісі. Жеңісті күндер жалғаса берсін!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *