2025 — Жұмысшы мамандықтардың жаңғыру жылы

2025 жыл — елімізде Жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланды. Бұл — қарапайым еңбек адамына деген құрметті арттыру, өндірістік кәсіптерді дәріптеу және жас ұрпақты нақты кәсіпке баулуға бағытталған маңызды бастама.

Ел экономикасының берік тірегі — жұмысшы мамандық иелері. Олар – құрылысшылар, токарьлар, электриктер, механиктер, жүргізушілер, тігіншілер, аспаздар, агрономдар және өзге де өндіріс пен күнделікті тіршілікті қамтамасыз ететін мамандар. Осындай еңбек адамдарынсыз қоғамның ілгері дамуы мүмкін емес.

Жыл аясында елімізде кәсіби-техникалық білім беру жүйесін жетілдіру, кәсіптік бағдарлау жұмыстарын күшейту және еңбек адамының қоғамдағы беделін арттыру мақсатында бірқатар кешенді шаралар қолға алынуда. Атап айтқанда, жастарға арналған кәсіптік байқаулар, мамандықтар жәрмеңкесі, шеберлік сабақтары мен ашық есік күндері ұйымдастырылып, жұмысшы кәсіптерінің қыр-сыры кеңінен таныстырылуда.

Бұл жыл — тек еңбек адамының ғана емес, тұтас ұлттың болашағына салынған берік негіз. Себебі шынайы өндірістік күш пен тұрақты дамудың тірегі – нақты істің шеберлері. Жұмысшы мамандықтардың маңызын ұғынған ел ғана алға басады, жаңарады, өркендейді.

Мархаба Атембекова, кітапханашы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *