Жұмысшы — ел дамуының іргетасы

2025 жыл – елімізде Жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланды. Бұл бастаманың басты мақсаты – қоғамда жұмысшы кәсіптердің мәртебесін арттыру, жастарды техникалық және кәсіби білім алуға ынталандыру, сондай-ақ өндіріс саласына қажетті білікті мамандарды даярлау ісіне баса назар аудару.
Қоғамның ілгерілеуінде инженерлер мен дәрігерлер, мұғалімдер мен ғалымдар маңызды рөл атқаратыны рас. Бүгінгі күннің батырлары – қолымен еңбек етіп, тер төгіп, ел экономикасының негізін қалаушылар. Жұмысшы мамандықтар жылы тек білім беру саласына емес, сондай-ақ жұмыс берушілерге де үлкен жауапкершілік жүктейді. Өндіріс орындары жастарды тәжірибеден өткізіп, кәсіптік дағдыларын жетілдіруге көмектесуі қажет. Мемлекет пен бизнестің серіктестігі нәтижесінде еліміздің индустриалды дамуына серпін беретін білікті мамандар өсіп шығады.

Жаннұр Мусипова, Қызылжар а/о тұрғыны

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *