АУДАН ӘКІМІ ЕГІН ЕГУ НАУҚАНЫНЫҢ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Жаңаарқа ауданының әкімі Қанат Қожықаев жұмыс сапарымен Сәкен Сейфуллин ауылдық округіне барып, көктемгі дала жұмыстарының жай-күйін зерделеді. Сапар барысында аудан басшысы бірқатар шаруа қожалықтарының егіс науқанына дайындығын көріп, агроөнеркәсіп саласындағы жұмыстармен танысты.

Алдымен аудан әкімі «Аяз» шаруа қожалығына ат басын бұрды. Қожалық жетекшісі Ерлан Картаев биыл 300 гектар алқапқа дәнді дақылдар сепкендерін айтты. Аталған қожалық агротехниканың озық әдістерін қолдана отырып, өнім көлемін арттыруды және еңбек өнімділігін жоғарылатуды мақсат етіп отыр.

Мұнан соң Қанат Қожықаев «Тұрпар» шаруа қожалығының көктемгі егіс жұмыстарының барысымен танысты. Қожалық жетекшісі Абзал Ахметжановтың айтуынша, биыл 200 гектар жерге егін себу жоспарланған, жұмыстар белгіленген мерзімге сай қарқынды жүргізілуде.

Аудан әкімі диқандармен тілдесу барысында мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау шараларына тоқталып, көктемгі науқанды сапалы әрі мерзімінде атқарудың маңызын атап өтті. Сонымен қатар, жергілікті билік ауыл шаруашылығы саласын дамытуға әрдайым жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *