Ана — отбасының алтын діңгегі

Отбасының жылуы, шаңырақтың тұтастығы, бала тәрбиесінің бастауы — бәрі ананың мейірімі мен парасатына байланысты. Ана барда үй жылы, ана барда өмір мәнді. Ол тек үйдің берекесін келтіріп қана қоймай, ұрпақтың бойына ізгілік дәнін сеуіп отырады.

Аналар ұрпақ тәрбиесінде де, қоғам өмірінде де маңызды рөл атқарады. Еліміздегі тыныштық пен тұрақтылықты сақтау, жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беру — аналардан басталады. Олар — елдің ертеңін қалыптастыратын, ұлттың ұлы ұстаздары.

Аналар күні — ұрпағы үшін тер төгіп жүрген барша аналардың еңбегін бағалау.

Жаннұр Мусипова, Қызылжар а/о тұрғыны

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *