Ананың жүрегі — мейірімнің мекені
Ана — мейірімнің, кешірімділіктің, төзімділіктің символы. Баласы үшін өмірінің соңына дейін алаңдап, жақсылығына шын қуана білетін жалғыз жан. Ананың махаббаты — сөзбен емес, жүрекпен ғана сезілетін ерекше күш.
Қазақ даласында аналар тек бала тәрбиелеп қана қоймай, ел басқарған, ақылгөй болған, елдің тұтастығына үлес қосқан. Домалақ ана, Ұлпан, Зере, Айғаным сынды аналарымыз — қазақ әйелінің рухани биіктігінің айғағы.
Омирсерик Шубаев, Ералиев а/о тұрғыны