Ана — тіршіліктің шамшырағы
Ана — адам баласына өмір сыйлаған, жүрегі мейірім мен махаббатқа толы теңдесі жоқ жан. Әлемнің жарығын сыйлаған ананың алақаны — ең жылы, ананың махаббаты — ең таза. Ана — әр адамның алғашқы тәрбиешісі, рухани тірегі, өмірдегі ең сенімді жанашыры.
Қай заманда болмасын, аналарға деген құрмет пен ілтипат кеміген емес. Қазақ халқы да ананы ерекше ардақтап, “Ана бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербетеді” деп бекер айтпаған. Ана алдында бас иіп, алғысын білдіру — әр перзенттің борышы.
Асхат Қайратұлы, белсенді жас