Отбасы – өмірдің бастауы, тіршіліктің тірегі
Отбасы – адам өміріндегі ең қасиетті әрі ең қымбат ұғым. Ол – әр адамның алғашқы тәрбиесін алатын, мейірім мен махаббатқа, сыйластық пен жауапкершілікке баулитын қасиетті орда. Жанұяда береке мен бірлік, сүйіспеншілік пен түсіністік орнаса, ол қоғамның да көрінісін айқын бейнелейді. 15 мамыр – Халықаралық отбасы күні – осы құндылықтардың мәнін терең ұғынып, жанұядағы мызғымас байланысты нығайтуға арналған маңызды мереке. Бұл күн – әрбірімізге отбасымыздың қадірін ұғынып, ата-анамызға, жарымыз бен балаларымызға мейірім мен құрмет көрсетуге мүмкіндік беретін ерекше күн.
Нургуль Туганбаева, Сейфуллин а/о тұрғыны