Отбасында басталған тәрбие – ел болашағы
Бала тәрбиесінің бастауы – отбасы. Бұл – ешқашан өзгермейтін ақиқат. Мектеп, қоғам, достар – бәрі кейінгі кезекте. Ең алдымен, ата-ананың сөзі мен ісі, олардың арасындағы қарым-қатынас балаға тікелей әсер етеді.
Біздің қоғамда ата-ана мен бала арасындағы байланысты нығайту, ұлттық тәрбиені жаңғырту аса маңызды. Отбасы – ұрпақ сабақтастығының алтын көпірі. Әже мен атаның батасы, ананың мейірімі, әкенің қамқорлығы – бәрі баланың тұлға болып қалыптасуына ықпал етеді.
Отбасы күні – тек мереке емес, бұл – болашаққа салынған берік негіз. Осы күнді пайдаланып, әрбір ата-ана балаға махаббатын білдіріп, оның жан дүниесіне үңіліп, бірге уақыт өткізсе – бұл үлкен тәрбие болады.
Аян Естаева, Талдыбұлақ а/о тұрғыны