Аналарға мың алғыс!

Ананың орны – ерекше, ананың беделі – биік. Ол – тек отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның негізі. Анасыз өмірді елестету мүмкін емес. Баланың алғашқы күлкісі, алғашқы қадамы, алғашқы сөзі – бәрі де ананың мейірім мен махаббатының жемісі.

Аналар күні – ұрпақ тәрбиелеп, ел болашағына жол ашқан аналарға құрмет көрсететін ұлы күн. Бұл мерекеде біз тек аналарымызға гүл ұсынып қана қоймай, шын жүректен шыққан ризашылығымызды, махаббатымызды білдіруіміз керек. «Ана – бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетеді» дегендей, әр ана – бір шаңырақтың ғана емес, тұтас бір ұлттың амандығына жауапты ұлы тұлға.

Аналарға тек бір күн емес, әр күн мереке болуы керек. Себебі олар соған әбден лайық!

Қуаныш Төлеутай, журналист

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *