Ұлы Жеңіске – 80 жыл: Мәңгілік ерлікке тағзым

2025 жылы адамзат тарихындағы ең ауыр да, ең азапты соғыстың – Ұлы Отан соғысының Жеңіспен аяқталғанына 80 жыл толып отыр. Бұл күн – бейбіт өмірдің, еркіндіктің, тыныштықтың құнын ұғындыратын, өткенге тағзым, ерлікке құрмет білдіретін ерекше тарихи мереке. 1941–1945 жылдар аралығындағы соғыс жылдары миллиондаған адамның тағдырына ауыртпалық алып келді. Қазақ халқы да бұл қасіреттен тыс қалған жоқ. Майдан даласына 1 миллион 200 мыңға жуық қазақстандық аттанса, олардың жартысынан көбі елге оралмады. Тылдағы еңбек майданы да жеңісті жақындатуға зор үлес қосты. Ауылда қалған әйелдер, қарттар мен балалар күн-түн демей еңбек етіп, Отан үшін жанын салды. Жеңіс бізге оңай келген жоқ. Әрбір азат таңның артында қанмен жазылған тарих, көзден аққан жас пен жүрекке түскен жара бар. Сондықтан да Жеңістің әрбір жылы – өткенге деген тағзым, кейінгі ұрпаққа аманат. Бүгін біз соғыс ардагерлерінің, тыл еңбеккерлерінің алдында бас иеміз. Олар – ерліктің мәңгі өшпес шырағы, нағыз батырлықтың символы. Біз оларды есте сақтап, олардың ерлігін жас ұрпаққа жеткізу – қасиетті парызымыз.

Игілік Мағжан, Ақтау а/о тұрғыны

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *