Жұмысшы – қоғамның тынысы
2025 жыл елімізде «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланды. Бұл бастама – қоғамда еңбек адамының рөлін арттыру, жұмысшы кәсібінің абыройын көтеру және өндіріс саласына жастардың қызығушылығын арттыру мақсатында қолға алынып отыр. Қазіргі таңда Қазақстан экономикасының түрлі салаларында – құрылыс, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, көлік және логистика, қызмет көрсету мен энергетика салаларында жұмысшы мамандық иелеріне деген сұраныс артып келеді. Алайда, бұл бағытта білікті кадрлардың тапшылығы байқалады. Осы орайда, «Жұмысшы мамандықтар жылы» жастарды нақты еңбекке тартуға, кәсіптік білім беру жүйесін дамытуға және жұмысшы беделін қоғамда қайта қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жыл бойы республика көлемінде «Үздік маман», «Еңбек даңқы», «Өндірістегі шеберлік» сынды түрлі байқаулар мен марапаттау шаралары ұйымдастырылады. Бұл іс-шаралар еңбек адамының мәртебесін арттырып, жастарға мотивация береді. Еңбек – елдің тұтқасы, жұмысшы – қоғамның тірегі. Ендеше, бұл жыл тек еңбек адамына құрмет көрсету ғана емес, сонымен бірге жаңа мүмкіндіктер мен нақты қолдаудың жылы болмақ.
Жаннұр Мусипова, Қызылжар а/о тұрғыны