Отбасы – ұлттың өзегі

Отбасы – қоғамның іргетасы. Мықты отбасы – мықты мемлекеттің кепілі. Әр отбасы – кішігірім мемлекет, оның басшысы – ата-ана, ал балалары – сол мемлекеттің болашағы. Бұл шағын мемлекеттің қаншалықты тату, берекелі болуы – үлкен қоғамның дамуымен тығыз байланысты.

Отбасы күні – бірлік пен сүйіспеншілікті дәріптейтін тамаша мереке. Бұл күн – туыстық қарым-қатынасты жаңғыртып, ата-ананы қадірлеуге, балаға дұрыс тәрбие беруге үндеу. Әрбір қазақ отбасында ұлттық салт-дәстүр мен рухани құндылықтар сақталып отырса, ұлтымыздың да, еліміздің де іргесі берік болары сөзсіз.

Аринов Ғани, Түгіскен а/о тұрғыны

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *