Ана – тіршіліктің тірегі

Ана – бұл дүниедегі ең асыл, ең қасиетті жан. Ол өмірдің бастауы, махаббат пен мейірімнің бұлағы. Әр адам үшін ана – ең қымбат адам. Оның алақаны – мейірімге толы, жүрегі – шексіз махаббатқа тұнып тұр. Ана баласын тоғыз ай құрсағында көтеріп, өмір бойы жүрегінде көтереді. Оның әрбір тілегі – баласының амандығы, бақыты.

Аналар күні – тек бір күнмен шектелмейтін, жүректен шыққан алғыс пен сүйіспеншілік мерекесі. Бұл күн – ананың алдында бас иіп, оның жанқияр еңбегіне тағзым ету күні. Біз қандай жетістікке жетсек те, соның артында анамыздың көз жасымен, маңдай терімен келген ақ батасы жатыр. Ендеше, аналарымызды аялау – әр перзенттің борышы.

Ардақ Досаева, Орынбай а/о тұрғыны

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *