Отбасы – өмірдің алтын діңгегі
Отбасы – адам өміріндегі ең қымбат құндылықтардың бірі. Ол – тәрбие мен мейірімнің, сүйіспеншілік пен сыйластықтың ордасы. Адам баласы ең алғаш жақсылық пен жамандықты, адамгершілік пен ізгілікті, сыйластық пен құрметті осы отбасыдан үйренеді. Қай кезде де берекелі қоғамның негізі – берік отбасы.
Отбасы күні – бұл жақындарыңа көңіл бөліп, отбасы арасындағы сыйластықты одан әрі нығайтатын ерекше күн. Бұл күнді тек мереке ретінде емес, бір-бірімізге қамқор болудың, мейірім танытудың символы ретінде қабылдағанымыз жөн. Бала отбасынан көргенін өмір бойы бойына сіңіреді. Сондықтан әрбір отбасы – қоғамның айнасы.
Мархаба Атембекова, кітапханашы