Ел дамуының тірегі — еңбек адамы
2025 жыл елімізде «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланып, бұл бастама қоғам назарын қол еңбегі мен өндірістік салалардағы мамандықтардың маңыздылығына аударуға бағытталды. Бұл — еңбек адамына деген құрметті арттырып, жастарды техникалық және кәсіптік білімге баулуға арналған ерекше бастама. Бүгінде ел экономикасының дамуына тікелей үлес қосатын дәнекерлеуші, электрик, құрылысшы, механик, аспаз, жүргізуші сынды мамандықтар сұранысқа ие. Бұл жыл аясында елімізде өндірістік оқу орталықтары жаңартылып, колледждер мен кәсіптік мектептерде заманауи құрал-жабдықтар орнатылуда. Сонымен қатар, жұмысшы мамандардың табысын көтеру, әлеуметтік жағдайын жақсарту да басты назарда. «Жұмысшы мамандықтар жылы» — тек бір жылдық шара емес, бұл — ұзақ мерзімді өзгерістердің бастауы. Болашақта еліміздің тұрақты дамуы үшін кәсіптік білім алған, ісіне адал, шебер мамандар қажет. Сондықтан жастарды осы бағытқа ынталандыру — баршамыздың ортақ міндетіміз.
Жакиянова Жулдыз, Бидайық а/о тұрғыны