Студенттердің шәкіртақысы өседі
Бұл туралы ашық талқыға шығарылған Үкімет қаулысында айтылған.
Құжатқа сәйкес, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын студенттерге ай сайынғы шәкіртақы мына мөлшерде белгіленеді:
▫️даярлаудың педагогикалық бағыттарында және «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша білім алатын студенттерді қоспағанда, жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда оқитын студенттерге – 41 898 теңге;
▫️педагогикалық бағыттарда білім алатын студенттерге – 67 200 теңге;
▫️«Денсаулық сақтау» бағыты бойынша білім алатын студенттерге – 67 200 теңге;
▫️интерндерге – 75 890 теңге;
▫️магистранттарға – 97 024 теңге;
▫️«Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымында білім алатын магистранттарға – 162 500 теңге;
▫️докторанттарға – 217 500 тенге;
▫️даярлаудың «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша докторанттарға – 217 500 теңге;
▫️даярлаудың «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша резидент-дәрігерлерге және магистранттарға – 111 579 теңге.