Ұлы Жеңіске — 80 жыл

2025 жылы адамзат тарихындағы ең ірі және қасіретті соғыстардың бірі – Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 80 жыл толып отыр. 1945 жылдың 9 мамырында адамзат фашизмнің түнегінен азат болды. Бұл – қанды қырғынға қатысқан миллиондаған жауынгерлердің жанқияр ерлігімен келген ұлы Жеңіс. Биылғы 9 мамыр – ата-бабаларымыздың ерлігі мен елге деген сүйіспеншілігінің символына айналған ерекше мерейтой. Ұлы Отан соғысында Кеңес Одағының құрамында болған Қазақстан да орасан зор үлес қосты. 1,2 миллионнан астам қазақстандық майданға аттанып, олардың тең жартысы оралған жоқ. Панфиловшылардың ерлігі, Төлеген Тоқтаров, Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованың батырлықтары – ұлт рухының биік бейнесі. Ұлы Жеңістің 80 жылдығы – бұл ұлт ретінде бірлігімізді, тарихқа деген құрметімізді білдіретін маңызды кезең. Ерлік пен елдікке толы сол жылдарды ұмытпай, болашаққа бейбіт өмір сыйлаған жауынгерлердің алдында бас иеміз.

Игілік Мағжан, Ақтау а/о тұрғыны

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *