Ұлы Жеңіске – 80 жыл
Биыл 9 мамыр – Ұлы Жеңіске 80 жыл. Бұл күн – батырларымыздың ерлігіне, елдің бірлігіне, бейбіт өмірдің қадіріне деген тағзым.
80 жыл бұрын ата-бабаларымыз Отан үшін, болашақ үшін жан аямай соғысты. Миллионнан астам қазақстандық майданға аттанды. Олардың көбі елге оралмады. Бірақ ерліктері – мәңгілік.
Бұл жеңіс тек майдан даласында емес, тылда да келген. Ауылда, зауытта, егісте – ел үшін еңбек еткендердің еңбегі ұмытылмайды.
Бүгін – сол батырларға алғыс айтып, бейбіт күннің бағасын түсінетін күн. Ардагерлер азайып барады. Сол себепті олардың ерлігі туралы айту, еске алу – бәріміздің міндетіміз.
Нургуль Туганбаева, Сейфуллин а/о тұрғыны