Ерлік мәңгі ел жадында

Биыл барша адамзат үшін тарихи мәні зор, тағдырлы белес – Ұлы Жеңістің 80 жылдығы. 1945 жылдың 9 мамырында фашизмге қарсы күресте жеңіске жеткен Кеңес халқы, оның ішінде Қазақстаннан майданға аттанған 1 миллион 200 мыңға жуық жауынгер, ұлы ерлік пен қайсарлықтың жарқын үлгісін көрсетті. Қазақстаннан майдан даласына аттанған азаматтардың көбі от пен оқтың ортасында ерлікпен қаза тапты. Көптеген жауынгерлер хабарсыз кетті. Бірақ олар аманатқа қиянат жасамай, болашақ ұрпақтың еркіндігі үшін жанын құрбан етті. Сол жылдары елде қалған аналар мен балалар, қарттар мен жасөспірімдер тылда тынбай еңбек етті. Азық-түлік, киім-кешек, техника мен оқ-дәрілер майданға үздіксіз жөнелтіліп тұрды. Бұл – тылдағы халықтың ерен еңбегінің, Отанға деген шексіз сүйіспеншілігінің дәлелі. Жеңістің 80 жылдығы – елдік пен бірліктің, табандылық пен төзімділіктің мерекесі. Бұл күн – ерліктің мәңгілік шежіресі, ұлт рухының тірегі.

Ардақ Досаева, Орынбай а/о тұрғыны

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *