Ұлы Жеңіске 80 жыл: Рух пен намыс жеңісі

Биыл адамзат тарихындағы ең ұлы оқиғалардың бірі — Ұлы Жеңіске 80 жыл толып отыр. 1945 жылы 9 мамырда фашизмге қарсы шайқастағы тарихи жеңіс бүкіл әлемге бейбіт өмірдің қадірін ұғындырды. Бұл жеңіс — миллиондаған жанның жанқиярлық ерлігі мен отансүйгіштігінің жемісі. Қазақстандықтар да Ұлы Отан соғысында орасан зор ерлік көрсетті. 1 миллион 200 мыңнан астам қазақстандық майданға аттанды. Олардың қатарында атақты батырларымыз — Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Талғат Бигелдинов секілді ержүрек тұлғалар болды. Олар өздерінің қайсарлығымен ұрпаққа үлгі болып, мәңгілік даңққа бөленді. Бүгінде Ұлы Жеңістің маңызы еш кеміген жоқ. Бұл — ұрпақтарды елді, жерді сүюге, бейбітшілікті қадірлеуге үндейтін асқақ құндылық. Ұлы Жеңістің 80 жылдығы – бабалар ерлігіне тағзым етіп, олардың асқақ рухын ұлықтайтын ерекше сәт.

Жакиянова Жулдыз, Бидайық а/о тұрғыны

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *