Ұлы Жеңіс – ұлт рухының символы
2025 жылы 9 мамырда адамзат тарихындағы ең ауыр соғыстың аяқталғанына тура 80 жыл толады. Бұл – Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығы. Бұл күн – батырлықтың, төзімділіктің және отанға деген шексіз сүйіспеншіліктің символына айналған тарихи мереке. 1941–1945 жылдары болған Ұлы Отан соғысы – қазақ халқы үшін де ауыр сын болды. Қазақстаннан майданға 1 миллион 200 мыңнан астам адам аттанды. Олардың ішінде 500-ден астамы Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Ұлы Жеңіс – майданда қан кешкен жауынгерлер мен тылда тынымсыз еңбек еткен адамдардың ортақ ерлігінің нәтижесі Қазақ жерінен шыққан ержүрек батырлар – Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова сынды ерлердің есімі ел есінде мәңгі қалды. Олар тек Қазақстанның ғана емес, бүкіл Кеңес Одағының мақтанышына айналды. Соғыс жылдарында Қазақстан тыл тірегі болды. Бүгінде біз – Тәуелсіз Қазақстан ұрпағы – сол бір ауыр жылдардың қасіретін де, қаһармандығын да ұмытпаймыз.
Ардақ Досаева,
Орынбай а/о тұрғыны