Ерлік – елге мұра, Жеңіс – ұрпаққа ұран
Биыл – Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы. Бұл – халқымыздың төзімділігі мен ерлігінің, елдігінің сынға түскен кезеңін еске алатын ерекше жыл. Жеңіс оңай келген жоқ. Миллиондаған адамның өмірін жалмаған сұрапыл соғыстың салмағы әлі күнге дейін жүректі сыздатады. Қазақстаннан майдан даласына 1 миллионнан астам жауынгер аттанды. Олардың арасында Отан үшін от кешіп, көзсіз ерлік көрсеткен батырларымыз да, тылда түн ұйқысын төрт бөліп, маңдай терін сарп еткен аналар мен балалар да болды. Солардың барлығының есімі – ұрпақ жадында мәңгі сақталады. Жеңістің 80 жылдығы – жай ғана дата емес, бұл – тыныштықтың, бейбіт өмірдің, ел болашағы үшін жанын қиған ерлердің рухын ұлықтайтын күн. Бұл күн – бүгінгі ұрпақтың тәуелсіз елде өмір сүріп жатқанын еске салып, Отан алдындағы жауапкершілікті сезіндіреді. Біз қашанда ардагерлерге бас иеміз. Олардың ерлігі мен өмір жолы – болашақ ұрпақ үшін өшпес өнеге.
Нургуль Туганбаева,
Сейфуллин а/о тұрғыны