Ұлы Жеңіске 80 жыл
Биыл Ұлы Жеңіске 80 жыл толып отыр. Бұл күн – халқымыздың ерлігі мен рухының, бірлігінің, отансүйгіштігінің айғағы. 1945 жылдың 9 мамырында жауыздықты жеңіп, бейбіт таңды жақындатқан батырлардың ерлігі бүгінде ұрпақ санасында мәңгі сақталып келеді. Қазақстан – бұл соғыста орасан зор үлес қосқан елдердің бірі. 1 миллион 200 мыңнан астам қазақстандық майданға аттанып, олардың жартысына жуығы туған елге оралмады. Панфиловшылар, Төлеген Тоқтаров, Әлия мен Мәншүк сынды ерлеріміздің ерлігі тарих бетінде алтын әріппен жазылды. Бүгінде елімізде Жеңіс күнін лайықты дәріптеу, ардагерлерге құрмет көрсету – басты міндеттердің бірі. Ардагерлер қатары сиреп бара жатқан тұста, олардың ерлігі мен өнегесін жас ұрпаққа жеткізу – ұлт алдындағы аманат.
Аян Естаева,
Талдыбұлақ а/о тұрғыны